КЕЛЕСТЕ АГРОСАЛА ЖАҢҒЫРУДА: ЗАМАНАУИ СУАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНДІРІЛУДЕ

КЕЛЕСТЕ АГРОСАЛА ЖАҢҒЫРУДА: ЗАМАНАУИ СУАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНДІРІЛУДЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу мәселесін бірнеше рет атап өтіп, елімізде жыл сайын кемінде 150 мың гектар жерге осындай технологияларды енгізу міндетін қойған болатын.
Осы орайда Түркістан облысының Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын ендіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Әсіресе, ағын су тапшылығы сезілетін аумақтарда заманауи суару әдістеріне көшу – уақыт талабы.
Атап айтқанда, Ошақты ауылдық округінде ЖШС «Бақнұр» тарапынан 120 гектар жер аумағында жаңбырлатып суару технологиясын енгізу жобасының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 316 млн теңге. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Жоба аясында су тапшы аймақта жаңбырлатып суару технологиясы арқылы мал азығын өндіру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде өнім көлемін арттырып қана қоймай, су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекет тарапынан су үнемдеу технологиясын енгізген шаруаларға нақты қолдау көрсетілуде. Бүгінде ұңғыма бұрғылау, құбыр тарту және су үнемдеу жабдықтарын сатып алу шығындарының 80 пайызына дейінгі бөлігі өтеледі.