Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме және бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Нұрхан Мережепов ашып, күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталды.
Алғашқы мәселе ретінде Келес аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №24-194-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қаралды. Аталған өзгерістер аудан әкімдігінің дербес құрамын нақтылау мақсатында енгізілді. Депутаттар ұсынысты талқылап, тиісті шешім қабылдады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе – аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелер сайлау туралы болды. Ұсынылған кандидатуралар заң талаптарына сәйкес қаралып, ашық дауыс беру арқылы бекітілді.
Сессия барысында Келес ауданының кейбір елді мекендерінің жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту туралы мәселе де талқыланды. Жобалар жер ресурстарын тиімді пайдалану және елді мекендердің аумақтық дамуын жүйелеу мақсатында әзірленген. Жиынды қорытындылаған Нұрхан Мережепов қабылданған шешімдердің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев қабылданған шешімдерді сапалы әрі уақытылы орындау маңызды екенін айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.