Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар өзекті мәселелерді тыңдады. Қабылдау барысында әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер қатынастары, инфрақұрылым және кәсіпкерлік бағытындағы өтініштер қаралды.
Азаматтар тарапынан мүгедектігі бар жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегіне енгізу және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар жер телімін рәсімдеу, жаңадан бой көтерген тұрғын үйлерге қатынайтын жол салу, жеңілдетілген несие алу және кәсіпкерлікке қатысты сертификаттау жайы сөз болды.
Аудан әкімі әрбір мәселені мұқият тыңдап, заң аясында нақты шешім қабылдау қажеттігін атап өтті. Тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарына сәйкес нақты ұсыныстар енгізу жөнінде тапсырмалар берілді. Әлеуметтік сипаттағы өтініштер бойынша жауапты бөлімдерге азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсету міндеттелді.
Инфрақұрылым мәселелері бойынша жауапты бөлімге жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын зерделеп, мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылды. Кәсіпкерлік бағыттағы өтініштер бойынша да тиісті түсіндіру және сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру жүктелді.
Жеке қабылдау қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, жауапты мекемелерге нақты мерзімдер белгіленді. Аудан басшысы тұрғындардың өтініш-тілектері әрдайым назарда болатынын және заң шеңберінде кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.