КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА
Келес ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасы Келес ауданына кіреберіс аркасынан басталып, А-15 республикалық маңызы бар автожолының бойында, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтер аумақтарында жалғасын тапты.
Сенбілікке жалпы 300-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында бөлім қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары және жергілікті тұрғындар бар.
Іс-шара барысында аудан аумағындағы 50-ден астам ішкі көшелер тазаланып, ретке келтірілді. Жол жиектері мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, нәтижесінде 3 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы орындарға шығарылды.
Аталған сенбілік аудан аумағында санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында ұйымдастырылды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.