Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев төрағалық етті.
Отырысқа аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі және комиссия мүшелері қатысып, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау және профилактикалық жұмыстардың жай-күйін талқылады.
Күн тәртібінде қиын жағдайдағы отбасыларға қолдау көрсету, әлеуметтік қауіп тобына жататын жанұялармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ ерекше білімді қажет ететін балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жауапты сала басшылары баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жиын барысында комиссия төрағасы Даурен Нұрланұлы бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
— Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – баршамызға ортақ міндет. Әрбір бала қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуі тиіс. Сондықтан жауапты мекемелердің үйлесімді жұмыс істеуі аса маңызды, – деп атап өтті комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев.
Сондай-ақ жекелеген мәселелер бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды. Келес ауданында бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.