Келес ауданында мекемеаралық мәжіліс өтті. Жиынға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Мырзахметов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, білім бөлімінің, пробация қызметінің басшылары, бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Мәжілісте құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды. Құқық қорғау органдары тарапынан аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы және инвесторлар мен кәсіпкерлерді сүйемелдеу бойынша жүргізілген шаралар баяндалды.
Сонымен қатар пробация қызметінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары сараланып, төтенше жағдайлардың алдын алу және улы газдан сақтану бағытында жүргізіліп жатқан түсіндіру шаралары қаралды. Аудан аумағында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, ветеринариялық инспекция тарапынан анықталған кемшіліктер мен оларды жою бойынша қабылданған шаралар да күн тәртібінен тыс қалмады.
Жиын барысында салық түсімдерінің уақытылы төленуі және атқарылған жұмыстар туралы тиісті сала басшылары есеп берді.
Мәжіліс қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және салааралық өзара іс-қимылды күшейту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыру міндеті қойылды.