Құрметті Келес ауданының тұрғындары!
2026 жылғы 4 ақпан күні сағат 15:00-де Абай ауылындағы Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде Келес аудандық полиция бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беру кездесуі өтеді.
Кездесуде аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Мырзахметов баяндама жасап, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.
Баршаңызды кездесуге қатысуға шақырамыз!