«АБАЙ–ШАРДАРА» ЖОЛЫНДАҒЫ КӨПІРДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

«АБАЙ–ШАРДАРА» ЖОЛЫНДАҒЫ КӨПІРДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі аумағынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай–Шардара» автомобиль жолының 7+900 шақырымында орналасқан Құркелес өзені үстіндегі тұрғын көпірдің техникалық жағдайына байланысты уақытша шектеу шаралары енгізілгенін хабарлаймыз.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, аталған көпір апаттық жағдайда деп танылып, оның көтеру қабілетінің шектеулі екені анықталды. Осыған байланысты ауыр жүк көліктерінің қозғалысы көпір құрылымына қауіп төндіруі мүмкін.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында көпір арқылы ірі жүк көліктерінің өтуіне уақытша шектеу қойылды. Шектеуді қамтамасыз ету үшін көпірге кіреберіс бөлікке ені 9 метр, биіктігі 3 метр болатын арнайы габариттік арка орнатылды. Сонымен қатар, жүргізушілерді ескерту мақсатында тиісті жол белгілері қойылды.
Аталған қауіпсіздік шаралары көпірге толық техникалық тексеру жүргізіліп, жөндеу немесе қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғанға дейін қолданыста болады.
Келес ауданы әкімдігі жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және жол белгілеріне мұқият болуға шақырады. Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік.