Келес ауданында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған комиссия мүшелері, құқық қорғау органдары мен тиісті сала өкілдері қатысты.
Отырысты аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Даурен Сариев жүргізді. Жиын барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту мәселелері қаралды.
Комиссия отырысында атқарылып жатқан жұмыстар талданып, профилактикалық іс-шараларды жүйелі жүргізу, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, түнгі уақытта жасөспірімдердің ата-анасыз жүруіне байланысты жауапкершілікті күшейту, рейдтік бақылауды арттыру мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында тиісті сала басшыларына ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, алдын алу бағытындағы шараларды жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар тапсырылды.