КЕЛЕС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

КЕЛЕС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
КЕЛЕС: ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
«Amanat» партиясының Келес аудандық филиалында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан тұрғындары қатысып, кәсіпкерлік қызметті дамыту, тұрғын үймен қамту, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі әрбір өтінішті жеке қарастырып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Кәсіпкерлікке қатысты мәселені зерделеу және заң аясында шешу үшін ауыл әкіміне бағытталған тапсырмалар берілді. Ал тұрғын үй және әлеуметтік қорғау бағытындағы сұрақтар жауапты бөлімдер мен мекемелердің бақылауына алынды.
Жәнібек Есенұлы қабылдау барысында тұрғындармен ашық әрі конструктивті диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, көтерілген барлық мәселелердің заңнама талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Азаматтарды жеке қабылдау нәтижесінде көтерілген мәселелердің орындалуы аудан әкімінің жеке бақылауында болады.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі