Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округінің аумағында облыстық маңызы бар КХ-20 «Абай – Ұшқын – Достық» автомобиль жолының 4,3-шақырымында, Келес өзені арқылы өтетін көпірдің құлауына байланысты зақымданған инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру жұмыстары бүгінде қарқынды түрде жүргізілуде.
Көпір арқылы өткен «Дарбаза» ТСЖ-ның су құбыры желісі зақымданып, Ұшқын елді мекенінде ауыз су беру уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі таңда су құбыры жүйесін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу толық аяқталған соң ауыл тұрғындары ауыз сумен қалыпты режимде қамтамасыз етіледі. Осы кезеңде елді мекендегі 136 тұрғын үйге 3 арнайы су тасымалдаушы автокөлік арқылы тәулігіне 2 мезгіл ауыз су жеткізілуде. Су тасымалы жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін үздіксіз жалғасады.
Аталған жұмыстар жауапты мекемелердің бақылауында. Қалпына келтіру шаралары белгіленген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.