КЕЛЕСТЕ ЖОЛДАРҒА ТҰЗ СЕБІЛІП, ҚАУІПСІЗДІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

КЕЛЕСТЕ ЖОЛДАРҒА ТҰЗ СЕБІЛІП, ҚАУІПСІЗДІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ
Келес ауданында қысқы мезгілде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Абай ауылында жолаяқтар мен мектептер алдындағы жаяу жүргіншілер жолдарына тұз себу жұмыстары атқарылуда.
Аталған жұмыстар «Келес қызмет» мекемесі тарапынан жүзеге асырылып, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасына сәйкес орындалуда.
Сонымен қатар, Келес ауданы аумағындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында қар тазалау және көктайғақтың алдын алу мақсатында тұз себу және жолдарды тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Арнайы техника күшейтілген режимде жұмыс істеп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Аудан әкімдігі тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда сақтық шараларын сақтауға, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерді барынша абай болуға шақырады.