ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА
Қошқарата ауылдық округі аумағындағы Келес өзені арқылы өтетін көпірдің құлауына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толық тоқтатылды.
Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алпамыс батыр және Біртілек ауылдық округтері арқылы өтетін 10–15 шақырымдық айналма жол қаралды.
Қазіргі уақытта көлік қозғалысы осы балама бағыт арқылы жүзеге асырылуда.
Айналма жолдың қозғалыс бағыты қоса берілген схема суретте көрсетілген. Жол белгілері орнатылып, тиісті қызметтер тарапынан бақылау күшейтілді.
Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген айналма жолды пайдалануды сұраймыз.