КЕЛЕСТЕ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ КАБИНЕТТЕРІ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ САЙ БЕЗЕНДІРІЛДІ

КЕЛЕСТЕ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ КАБИНЕТТЕРІ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ САЙ БЕЗЕНДІРІЛДІ
Келес ауданындағы білім беру ұйымдарында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылып, оқу кабинеттері мерекелік безендірілуде. Бұл бастамалар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім мен ұлттық рухты сіңіруге бағытталған.
Соның жарқын үлгісі ретінде Келес ауданы білім бөліміне қарасты №9 «Көлтоған» жалпы білім беретін мектебін атап өтуге болады. Аталған мектептің 6 «ә» сыныбының сынып жетекшісі Рахым Абылай Қуанышұлының бастамасымен оқу кабинеті Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендірілді. Кабинетке Қазақстан Республикасының үлкен көк туы ілініп, тәуелсіз елдің нышандары көрнекі түрде орналастырылған.
— Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы аңсаған асыл арманы, халқымыздың ең қастерлі құндылығы. Бүгінгі жас ұрпақ сол егемен елдің ертеңі, тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстайтын азаматтар. Осы орайда оқу кабинетін Тәуелсіздік күніне орай безендіру арқылы оқушылардың бойына елге деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге құрмет, отансүйгіштік рухты қалыптастыруды мақсат еттік,-дейді сынып жетекшісі Абылай Рахым.
Аудан мектептерінде өтіп жатқан бұл игі іс-шаралар Тәуелсіздік мерекесінің маңызын жас ұрпаққа терең түсіндіруге зор үлес қосуда.