КЕЛЕС АУДАНЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Келес ауданының Біртілек ауылдық округінде тұрғындар үшін қуанышты жаңалық — жаңа балалар ойын алаңшасы салынды. Нысанның ашылу салтанатына Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев қатысып, ауыл халқын жаңа әлеуметтік нысанның қолданысқа берілуімен құттықтады.
— Балалардың серуендеп, таза ауада ойнауына жағдай жасау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бүгін Біртілек ауылында тұрғындарға қажетті тағы бір әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп отыр. Бұл – ауылдың келбетіне көрік қосып қана қоймай, балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді. Баршаңызға құтты болсын, — деді Даурен Нұрланұлы.
Ойын алаңшасы Біртілек елді мекеніндегі Иса Байзақов көшесінің бойынан бой көтерді. Алаңша заманауи талаптарға сай жабдықталып, балаларға қауіпсіз әрі қолайлы орта жасау мақсатында әткеншектер, сырғанақтар, спорт элементтері және демалуға арналған орындар орнатылған.
Жергілікті тұрғындар жаңа ойын алаңшасының ашылуын қуана қабылдап, балалар үшін жасалған бұл мүмкіндіктің маңыздылығын атап өтті. Келес ауданында тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған осындай игілікті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.