КЕЛЕСТЕ ӨТКЕН «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

КЕЛЕСТЕ ӨТКЕН «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Келес ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шара Абай ауылындағы Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
Акция барысында аудан тұрғындарына прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, әділет органдарының қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ медицина, салық, білім, жер, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала мамандары, заңгерлер, адвокаттар, нотариустар мен медиаторлар тегін кеңес берді. Мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараның басты мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, билік пен халық арасындағы сенімді және ашық диалог орнату. Мұндай акциялар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік органдардың қолжетімділігі мен ашықтығын күшейтуге ықпал етеді.
«Халық заңгері» республикалық акциясы алдағы уақытта да жалғасып, ел тұрғындарының құқықтық мәдениетін дамытуға өз үлесін қоса бермек.