КЕЛЕС: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

КЕЛЕС: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
КЕЛЕС: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Келес ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісімге – 30 жыл» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара Т.Бегманова атындағы орта мектепте ұйымдастырылып, елдегі этносаралық татулықты және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталды.
Іс-шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев арнайы қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел ішіндегі татулықты нығайтудағы айрықша рөліне тоқталды.
— Бүгін біз тәуелсіз еліміздің тарихындағы маңызды белес – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Бұл мерекелі дата – мемлекетіміздегі бірлік пен келісім саясатының, татулық пен өзара құрметтің орныққанын көрсететін айрықша оқиға. Ауданымыздағы қоғамдық ұйымдарға, этномәдени бірлестіктерге және ортақ іске үлес қосып жүрген барлық белсенді азаматтарға алғысымды білдіремін, – деді әкім орынбасары.
Сондай-ақ ол ауданның қоғамдық жұмыстарына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттап, олардың еңбегіне алғыс білдірді. Шара барысында Т.Бегманов мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Камила Мұстафаева Ассамблеяның қалыптасу кезеңдері мен ел ішіндегі келісім саясатына арналған мазмұнды баяндама жасады. Аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Лесбек Нұртаев та құттықтау сөз сөйлеп, татулық пен өзара сыйластықтың қоғамдағы маңызын атап өтті.
Іс-шараның шығармашылық бөлігі аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мектеп оқушылары бірлесіп дайындаған арнайы бағдарлама арқылы жалғасты. Ортақ композициялар, әдеби шығармалар мен музыкалық қойылымдар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ауданның мәдени әлеуетін айшықтай түсті.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі