КЕЛЕСТЕ 100-ГЕ ТАРТА АЗАМАТ КЕДЕН АУМАҒЫН ТӘРТІПКЕ КЕЛТІРДІ

КЕЛЕСТЕ 100-ГЕ ТАРТА АЗАМАТ КЕДЕН АУМАҒЫН ТӘРТІПКЕ КЕЛТІРДІ
КЕЛЕСТЕ 100-ГЕ ТАРТА АЗАМАТ КЕДЕН АУМАҒЫН ТӘРТІПКЕ КЕЛТІРДІ
Келес ауданы аумағында орналасқан стратегиялық маңызы жоғары нысандардың бірі – Бауыржан Қонысбаев кеден бекеті. Бұл бекет еліміздің басты қақпаларының қатарында саналып, тәулігіне мыңдаған жүк көліктері мен азаматтарды қабылдайды. Бүгін аталған аумақта аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылды. Шара барысында алдын ала жоспарланған аумақ бірнеше секторларға бөлініп, ауданға қарасты ауылдық округтердің мамандары, ұйым қызметкерлері және қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған азаматтар бірлесе жұмыс атқарды.
Жалпы, кеден бекеті аумағын тәртіпке келтіруге 100-ге тарта адам жұмылдырылды. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, жол бойындағы және бекет маңындағы инфрақұрылымның санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру, кеден бекеттеріндегі қызмет сапасын және тартымдылығын көтеру, сондай-ақ тазалық пен тәртіпті қатаң бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Президент жүктеген міндеттерді тиімді орындау мақсатында Келес ауданында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Алдағы уақытта да кеден бекетінің санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, инфрақұрылымдық талаптарды қатаң сақтауға бағытталған шараларды жалғастыратын болады.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі