КЕЛЕС АУДАНЫНДА МИНЕРАЛДЫ СУ ЗАУЫТЫ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА МИНЕРАЛДЫ СУ ЗАУЫТЫ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
КЕЛЕС АУДАНЫНДА МИНЕРАЛДЫ СУ ЗАУЫТЫ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Келес ауданының Жүзімдік ауылдық округі, Жүзімдік елді мекені аумағында жүзеге асып жатқан минералды су зауытының инвестициялық жобасы аясында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев пен тиісті салалық бөлім басшылары инвесторлармен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында жоба жұмыстарының барысы таныстырылып, зауыттың қазіргі жағдайы жан-жақты талқыланды. Қазіргі таңда өндіріс орнының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, заманауи қондырғылар зауыт аумағына жеткізілген. Мамандар құрал-жабдықтарды монтаждау және іске қосу алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жобаның аймақ үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
— Бұл өндіріс орны – Келес ауданының инвестициялық әлеуетін арттыратын маңызды нысан. Зауыттың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті экономиканың дамуына және өңіріміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Аудан әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіледі, – деді аудан әкімі.
Инвесторлар өз кезегінде жобаны белгіленген мерзімде толық аяқтауға дайын екендерін жеткізді. Олар зауыт іске қосылғаннан кейін жыл көлемінде жоғары сапалы минералды су өндіріп, ішкі нарыққа және экспорттық бағытқа шығару жоспарымен бөлісті.
Минералды су зауытының іске қосылуы Келес ауданында жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына және өңірдің жалпы экономикалық өсіміне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі