Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев төрағалығымен өткен әкімдік жиынында аудан аумағында ағаш көшеттерін отырғызу және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға келісім беру мәселелері қаралды.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алмас Абдуллаев күзгі ағаш отырғызу жұмыстары бойынша баяндама жасады. Жоспарланған 25 300 түп көшеттен 20 880-і тасымалданып, 14 130-і отырғызылды.
Сонымен қатар, тұрғын үй кезегінде тұрған 2 907 азаматтың 1 375-іне келісім берілген, бұл 47,2% көрсеткішті құрайды. Абай, Ақтөбе, Біртілек және Бірлесу округтерінде келісім беру баяу жүргізіліп жатыр. Аудан әкімі аталған округтерге жұмыстарды жандандыру жөнінде нақты тапсырма берді.
— Барлық ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандарға көшеттерді толық отырғызу және тұрғын үй келісімдерін уақытылы беру жұмыстарын қадағалау жөнінде нақты тапсырма беремін. Бұл – біздің ауданның көркі мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартудың басты міндеті, - деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.
Жиын қорытындысында аудандағы көгалдандыру және тұрғын үй қамтамасыз ету жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуы маңызды екені атап өтілді.