КЕЛЕС АУДАНЫНДА ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Келес ауданында «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласындағы «Сейтжан Қари Есжанұлы» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре арнайы қатысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігін түсіндіру, олардың алдын алу және діни тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Бас имам Ерсін Әміре дінді дұрыс түсіну мен ұлт бірлігін сақтау жайында кеңінен сөз қозғап, деструктивті ағымдардың белгілерін тану және олардан сақтану жолдарын түсіндірді. Іс-шара соңында тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, дін саласына қатысты маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасты.