КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕҢЕЮДЕ

КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕҢЕЮДЕ
КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕҢЕЮДЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруда туризм мен қызмет көрсету саласының маңызын ерекше атап өткен болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде әр аймақтың туристік әлеуетін көтеру, демалыс және сервистік нысандар санын көбейту бағытында нақты істер қолға алынуда.
Бұл бағытта Келес ауданында да қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қазір аудан көлемінде жалпы құны 21,5 миллиард теңге болатын 5 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар іске қосылғанда 1060 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Биылдың өзінде бірнеше жаңа нысан ел игілігіне берілді. Соның бірі – кәсіпкер Қонысбаевтың қонақ үйі. Құны 285 миллион теңге болатын нысан 2025 жылдың екінші тоқсанында іске қосылып, 5 адамға тұрақты жұмыс берді.
Демалыс пен отбасылық серуенге арналған тағы бір нысан – Сапарбековтың аквапаркі. 100 миллион теңге көлемінде салынған бұл демалыс орны да биыл жұмысын бастап, 5 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
Ал Абай ауылында жаңа тойхана мен мейрамхана құрылысы қарқын алған. Кәсіпкер Ерденбаевтың 800 миллион теңгелік тойханасы мен Дүйсебаевтың 500 миллион теңгеге салынған мейрамханасы аяқталған соң, 70-ке жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Аудан көлеміндегі ең ірі жоба – «Нұрполат» көпбейінді ауруханасы. Құны 20 миллиард теңге болатын бұл заманауи медициналық орталық 2025–2026 жылдары пайдалануға беріледі. Аурухана іске қосылғанда 1000 адамға дейін жұмыс табылмақ.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі