Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Келес ауданы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 «Жызақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыләскер – Сарыағаш – Абай – Жібек жолы» автомобиль жолының 175–183 шақырымдары аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жол қозғалысының қарқынды болуына байланысты 2025 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Осы кезеңде жүргізушілерге айналма жол бағытын пайдалану ұсынылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылданады. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, тұрғындар мен жүргізушілерден түсіністік танытуды сұраймыз.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі