КЕЛЕСТЕ ӨНДІРІЛГЕН ЕТ ӨНІМДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

КЕЛЕСТЕ ӨНДІРІЛГЕН ЕТ ӨНІМДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде. Жыл басынан бері жалпы өнім көлемі 57,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығының үлесі 37 млрд теңге, ал мал шаруашылығының үлесі 20,3 млрд теңге болды.
Салаға 11,2 млрд теңге инвестиция тартылып, тамақ өнімдері өндірісіне 600 млн теңгеден астам қаржы бағытталды.
Өсімдік шаруашылығы бағытында аудан бойынша 22,9 мың гектар жерге егіс егілді. Оның ішінде көкөніс, бақша және түйнек дақылдары 12,4 мың гектарды қамтыды. Негізгі өнімдер қатарында қырыққабат, бұрыш, қызанақ, қияр, асқабақ, пияз, сәбіз және картоп бар. Сондай-ақ, 5,4 мың гектарға азықтық дақылдар егілді.
Мал шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемі жоғары деңгейде сақталуда. 9 айдың қорытындысымен аудан бойынша 11 мың тоннадан астам ет, 24 мың тоннаға жуық сүт өндірілді.
Көрші мемлекеттерге 13 064 тонна ет өнімі экспортталып, Келес ауданы өңірлік ет экспортының жетекші орталығы ретінде танылып отыр.