КЕЛЕСТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

КЕЛЕСТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Келес ауданындағы Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл мереке аудан тұрғындарына ерекше рух пен қуаныш сыйлады.
Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, жалынды патриоттық әндер мен ұлттық билерге ұласты.
Салтанатты жиында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтап, Республика күнінің тарихи және саяси маңызына тоқталды.
— 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация – тәуелсіздігіміздің бастауы, елдігіміздің нышаны. Сол күннен бастап Қазақстан өз жолын, өз болашағын айқындаған мемлекет ретінде танылды. Бүгінде әділетті қоғам құру жолында елімізде маңызды өзгерістер жүзеге асып келеді. Бұл жетістіктердің игілігі әрбір келестік тұрғынның өмір сапасын арттыруға бағытталған, – деді аудан әкімі.
Мерекелік жиын барысында аудан әкімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің алғыс хаттары мен арнайы төс белгілерін бірқатар сала үздіктеріне табыс етті. Сондай-ақ, аудан әкімінің алғыс хаттары да түрлі салада абыройлы қызмет етіп жүрген азаматтарға табысталды.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шара аясында аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев пен «AMANAT» партиясының өкілдері де ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттап, алғыс білдірді.
Мерекелік жиын соңында барша қатысушылар ел мен жердің амандығын тілеп, «Қыран