Сіздерді Ұлттық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Бұл — тәуелсіз еліміздің іргетасы қаланған, халқымыздың мемлекеттілікті жаңғырту жолындағы тарихи таңдауы жүзеге асқан ерекше күн. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның дербес дамуының бастауы болды.
 
Республика күні – егемендіктің, ел бірлігінің, азаттық рухының символы. Осы жолда халқымыздың ынтымағы мен бірлігі, ел дамуына қосқан әрбір азаматтың еңбегі айрықша.
 
Бүгінде Келес ауданы да еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Ауданда әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты, ауылдар көркейіп, жаңа өндіріс орындары ашылуда. Мұның бәрі Сіздердің бірлескен еңбектеріңіздің нәтижесі.
 
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, бірлігіміз бекем болсын!
 
Ізгі тілекпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек АҒЫБАЕВ