Келес ауданы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 «Жібек жолы – Сарыағаш – Абай – Қызыләскер – Киров – Жетісай – Гагарин – Жыззақ – Сырдария – Гүлістан – Шыназ» бағытындағы жолдың 175-180 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарын «Әлем Транс Жол» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Жолды жаңарту жұмыстары 24 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді.
Осы кезеңде көлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында уақытша айналма жол ұйымдастырылды. Көліктер Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр және Қошқарата елді мекендері арқылы жүріп, Абай ауылына шыға алады.
Сонымен қатар, осы мерзімде жүк көліктеріне арналған таразы орнату жұмыстары жүргізіледі. Бұл – жолдың сапасын сақтау және ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауға бағытталған шара.
Келес ауданы әкімдігі жүргізушілер мен тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, белгіленген айналма жол бағыттарын және жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.