КЕЛЕСТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ РЕСМИ ТҮРДЕ БАСТАЛАДЫ

КЕЛЕСТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ РЕСМИ ТҮРДЕ БАСТАЛАДЫ
Келес ауданында 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымы 25 қазаннан бастап ресми түрде басталады. Осыған байланысты аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тиісті қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, 25 қазаннан бастап тұрғын үйлерге, әлеуметтік және коммуналдық нысандарға жылу біртіндеп беріледі. Қазіргі таңда аудан бойынша жылыту маусымына толық дайындық жұмыстары аяқталды.
— Халықтың жайлы өмір сүруі – басты назарда. Сондықтан жылу маусымын уақытылы бастауды қамтамасыз еттік. Қазіргі таңда аудан бойынша барлық қажетті шаралар толық орындалды, – деді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.
Айта кетейік, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына қарасты мекемелердің жылыту жүйелері алдын ала тексеріліп, ақаулар жойылған. Қазандықтар отын және көмір қорымен толық қамтылды.