КЕЛЕС: А-15 ЖОЛЫ ӘЗІРГЕ ҚАБЫЛДАНБАҒАН, АҚАУЛАР МЕРДІГЕР ЕСЕБІНЕН ТҮЗЕТІЛУДЕ

КЕЛЕС: А-15 ЖОЛЫ ӘЗІРГЕ ҚАБЫЛДАНБАҒАН, АҚАУЛАР МЕРДІГЕР ЕСЕБІНЕН ТҮЗЕТІЛУДЕ
КЕЛЕС: А-15 ЖОЛЫ ӘЗІРГЕ ҚАБЫЛДАНБАҒАН, АҚАУЛАР МЕРДІГЕР ЕСЕБІНЕН ТҮЗЕТІЛУДЕ
Келес ауданындағы республикалық маңызы бар А-15 жолының 156–190 шақырымында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жол III санатқа жатса да, тәуліктік қозғалыс 10 000 көліктен асып, нормадан 2 есе жоғары.
Жоба бойынша ескі жабын фрезерленіп, екі қабат асфальт төселеді және жүк көліктерін өлшейтін автоматтандырылған жүйе орнатылады. Мердігер – «АлемТрансЖол», техникалық қадағалаушы – «Қазстройинжиниринг». Жұмыстар 2025 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс.
2025 жылғы шілдеде 157+200–175+500 шақырымда 18 шақырым аумақта асфальттың үстіңгі қабатында «ізтабан» пайда болды. Жолдың тар болуына байланысты айналма жолсыз, қозғалыс тоқтатылмаған. Сонымен қатар +45…+50 °C ыстық асфальттың жұмсаруына әсер етті.
Бұл жол учаскесі мемлекетке әлі тапсырылмаған, бюджеттен артық төлем болмаған. Ақауларды түзету толықтай мердігер есебінен жүргізілуде. Сол себепті негізгі жұмыс уақытша тоқтап, қалпына келтіру басталды. Қазір мердігер «ізтабанды» фрезерлеп, жаңа асфальт қабатын төсеп жатыр. Жол сапасына техникалық бақылау үздіксіз жүргізілуде.
А-15 тас жолы өңір үшін стратегиялық маңызы бар. Сондықтан жергілікті билік және жауапты органдар жөндеу сапасын қатаң бақылауда ұстап отыр.
🔗 Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі