КЕЛЕС: ГАЗ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮШЕЙТІЛДІ
Келес ауданы бойынша тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану, газдан уланудың алдын алу және қайғылы оқиғалардың жолын кесу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасы негізінде Біртілек ауылдық округінде ауыл әкімдігі мен «Абай газ шаруашылығы» мекемесінің мамандары бірлесіп, тұрғындарға газ құралдарын дұрыс пайдалану ережелерін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті.
Арнайы топ әрбір үйді аралап, газ құрылғыларының жағдайын тексеріп, нақты нұсқаулықтар берді және газ жүйесіне уақтылы техникалық қызмет көрсетудің маңыздылығын түсіндірді. Мамандар тұрғындарға газ жабдықтарын өз бетінше жөндемеу, түтін шығару жүйесін дұрыс қадағалау, арнайы мекемелермен келісімшарт жасау, газ иісі сезілген жағдайда дереу хабарлау керектігін ескертті.
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын табады.
Газ қауіпсіздігі – әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін ескере отырып, тұрғындардан газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы сұралады, себебі өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі – өз қолыңызда.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі