Құрметті жалдау мерзімі аяқталуға жақын қалған уақытша өтеулi жер пайдаланушылары!!!

Құрметті жалдау мерзімі аяқталуға жақын қалған уақытша өтеулi жер пайдаланушылары!!!

Құрметті жалдау мерзімі аяқталуға жақын қалған уақытша өтеулi жер пайдаланушылары!!!

 Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының 2-тармағына сәйкес өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстің 43-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі үшін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингінің нәтижелері де болған кезде, осы Кодекстің 43-бабында көзделген тәртіппен жаңа мерзімге шарт жасасуға құқығы бар. Осы баптың 2-2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) осындай шарт жасасу ниетi туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын жалға алу шартында көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, онда жалға алу шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттiсіздер.

Жалға алу шартының қолданылу мерзімі өткен соң өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы болады.

          Осыған сәйкес, Сіз жер учаскеңіздің пайдалану құқығы аяқталуына 1(бір) ай мерзімі қалғанда ауданның уәкілетті органын хабардар ете отырып аудан әкімінің атына қайта өтініш хатпен жүгінетініңізді хабарлаймын.