Алдағы 2025–2026 жылғы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жүргізілуде. Осыған байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қатты отынмен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Сол себепті көмір тасымалдау жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру қажеттігін назарларыңызға саламыз.
Келес ауданы аумағында теміржол тұйығы (ЖД тупик) болмағандықтан, көмір көршілес Сарыағаш ауданындағы теміржол тұйықтары арқылы жеткізіледі. Тұрғындар көмірді кәсіпкерлік нысандардан, атап айтқанда «Hermes» жеке кәсіпкерінен, сондай-ақ «Азамат Мұнай» және «Санас» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінен сатып ала алады.
Қазіргі уақытта көмір бағасы тұрақты деңгейде сақталып отыр. Дегенмен жылыту маусымы жақындағанда бағаның өсуі немесе қажетті көлемнің тапшылығы орын алуы мүмкін. Сондықтан көмірді ертерек алып, тасымалдау жұмыстарын алдын ала реттеп қою – ең тиімді шешім.
Аудан тұрғындарын жылыту маусымы басталғанға дейін өз отын қорын дайындап, қамсыз қыстау үшін қажетті шараларды уақытылы қабылдауға шақырамыз.