Келес ауданында табиғатты қорғау мен абаттандыруға бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, шара нәтижелі түрде аяқталды. Бүгінгі өткен тазалық науқанына 3100 тұрғын қатысып, ауданның барлық ауылдарында бір мезетте жұмыс жүргізілді. Қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлер, еріктілер мен жастар да белсенділік танытты.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев бастаманы қолдап, сенбілікке өзі қатысып, ағаш отырғызу жұмысына үлес қосты.
Сенбілік кезінде көшелер, аулалар, жаяу жүргіншілер жолдары тазартылып, арықтар қоқыстан аршылды. Арнайы техникамен рұқсатсыз төгілген қоқыс шығарып, санитарлық талаптар күшейтілді. Сауда орындарының айналасы реттеліп, маусымдық жұмыстар жүйелі түрде орындалды.
Тек тазалау ғана емес, көгалдандыру ісі де қарқын алды. Аудан бойынша 400 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және көркейтуге үлкен үлес болмақ.