КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСТЫ

КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСТЫ
Алпамыс батыр ауылындағы мобильді қоғамдық қабылдаудан кейін «Amanat» партиясының көшпелі қабылдауы аудан орталығы – Абай ауылында жалғасты.
Кездесуге Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев және «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев қатысты. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, басқарма қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен салалық бөлім басшылары тұрғындарды жеке қабылдады.
Абай ауылының тұрғындары да өздерін толғандырған мәселелерді ашық жеткізді. Кездесу барысында тұрғындар жер телімдерін беру, әлеуметтік нысандарды көбейту, денсаулық сақтау қызметін жақсарту, кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету, сондай-ақ ауыз су, жол және инфрақұрылымдық жүйелерді реттеу сияқты мәселелерді көтерді.
Жауапты органдар әрбір өтінішті тіркеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Тұрғындарға нақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық кеңестер берілді.