КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА
КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА
Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асуда.
Ынтымак көшесінде жалпы ұзындығы 1360 метр болатын аяқ жол салу, су ағарлар орнату және көше бойына жарық шамдарын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 99 пайызы аяқталып, трансформаторды іске қосу рәсімі жасалуда. Алдағы қазан айының басында барлық жарық шамдары қосылып, нысан толық пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, Т.Бегманова көшесінде де ауқымды жұмыс атқарылуда. Мұнда ұзындығы 800 метр құрайтын аяқ жол төселіп, су ағарлар мен жарық шамдары орнатылуда. Құрылыс барысында сапаға ерекше мән беріліп, көше билері мен тұрғындарымен ақылдаса отырып жұмыс жүргізілуде.
Бұл – болашақта ақаулықтардың алдын алуға бағытталған қадам. Жоба биылғы қазан айында толық аяқталады деп жоспарлануда.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев аталған нысандарда болып, құрылыс барысын бақылап шықты. Әкім сапаға жіті назар аударылып, жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігін атап өтті.
— Аяқ жолдар мен жарықтандыру – ауыл тұрғындары үшін ең қажетті жағдайлардың бірі. Бұл жобалар ауылдың келбетін жаңартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондықтан сапаға ерекше көңіл бөлінсін, – деді аудан әкімі.
Абай ауылындағы екі көшеде жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар аяқталған соң, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасатын болады.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі