КЕЛЕС 7 ЖЫЛ: ЖЕҢІСКЕ ҚҰРМЕТ, ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

КЕЛЕС 7 ЖЫЛ: ЖЕҢІСКЕ ҚҰРМЕТ, ЖАСТАРҒА ҮЛГІ
КЕЛЕС 7 ЖЫЛ: ЖЕҢІСКЕ ҚҰРМЕТ, ЖАСТАРҒА ҮЛГІ
Келес ауданының қайта құрылғанына 7 жыл толуына орай өткен «Келес Fest» атты гала концерт барысында ел спортына абырой әкелген жерлесімізге ерекше құрмет көрсетілді.
Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен өткен Әлем чемпионатында Келестің тумасы Асылжан Есенгелді 61 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Жүлде үшін болған шешуші белдесуде ол АҚШ спортшысы Джексон Патрик Форестті тізе бүктіріп, ел намысын абыроймен қорғады.
Аудан халқы үшін бұл жаңалық мерекелік концерттің шырайын ашып, шаттықты еселей түсті. Кеш барысында ауылдастары балуанға ат мінгізіп, аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
— Біздің спортшыларымыздың табысы – ауданымыздың даңқын арттыратын үлкен жетістік. Бұл жеңіс жасөспірімдерге жігер беріп, спортқа деген қызығушылығын арттырады. Біз әрқашан чемпиондарымызды қолдаймыз, – деді аудан басшысы өз құттықтауында.
Келестік саңлақтың жеңісі тек қана Қазақстан спорты үшін емес, туған өңірі үшін де зор мәртебе. Олардың табысы жас буынға үлгі болып, ел спортының халықаралық деңгейдегі абыройын арттыра түсті.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі