Тәрбиелі, білімді, алғыр әрі дені сау ұрпақ – еліміздің ең қымбат қазынасы. Осыған байланысты жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына, спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Осы орайда, Келес ауданының құрылғанына 7 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шаралардың бір бөлігі ретінде Абай ауылындағы орталық стадионда футболдан қызықты шоу-матч өтті.
Шараға елімізге белгілі өнер жұлдыздары қатысып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған ойын барысында достық пен татулықты дәріптейтін сәттер көрініс тапты.
Аудан тұрғындары мен қонақтары бұл спорттық-мәдени шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, жастарды салауатты өмір салтына ынталандыруға ықпал еткен игі бастамаға ризашылықтарын білдірді.