Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері және жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде төрт негізгі мәселе қаралды.
Алғашқы болып сөз алған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өмірсерік Алтынбаев 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу барысына тоқталды. Ол аудан көлемінде жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары мен шаруа қожалықтарын толық қамту маңыздылығын атап өтті.
Келесі мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алмас Абдуллаев баяндама жасады. Ол «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда атқарылып жатқан экологиялық шараларды, көшелер мен аулаларды тазалау жұмыстарының барысын баяндады.
Сонымен қатар, Біртілек ауылдық округінің әкімі Бахтияр Нұрымбетов округтегі әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.
Жиын барысында төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Женис Лесбаев алдағы 2025-2026 жылғы қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе терезе алдындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытындағы түсіндіру шаралары жайлы баяндады.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев барлық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, халыққа қолайлы жағдай жасау үшін жұмыстарды үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.