КЕЛЕСТЕ 116 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗ ПАЙДАЛАНУДА

КЕЛЕСТЕ 116 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗ ПАЙДАЛАНУДА
КЕЛЕСТЕ 116 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗ ПАЙДАЛАНУДА
Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиевтің жетекшілігімен табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелері бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға мердігер ұйымдар, техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелердің өкілдері қатысып, негізгі назар құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімдерін сақтау мәселелеріне аударылды.
Жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, жиынның хаттамасы толтырылды. Қазіргі таңда аудандағы 83 елді мекеннің 59-ы немесе 116 874 тұрғыны, яғни жалпы халықтың 77,1 пайызы табиғи газ жүйелерімен қамтылған.
Ұшқын ауылдық округіне қарасты Достық және Қоралас елді мекендерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қошқарата ауылдық округіндегі Қошқарата елді мекенінде және Ұшқын ауылдық округінде құрылыс жұмыстары аяқталып, атқарушы техникалық құжаттары әзірленуде.
Сонымен қатар, 9 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, сараптама қорытындысы алынған, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға қаржыландыру күтілуде. Аталған елді мекендер қатарында Бірлік ауылдық округіндегі Жанатіршілік, Қосөткел, Үшағаш елді мекендері, Ошақты ауылдық округіндегі Бақшысай, Ынталы, Саттаров елді мекендері, сондай-ақ Қаратал, Атақоныс және Жиделі елді мекендері бар.
Штаб отырысының қорытындысы бойынша газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асып, аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жалғасын табатыны атап өтілді.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі