КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛЫП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛЫП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛЫП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар негізінен тұрғын үй, ауыз су және жол мәселелерін көтерді.
Жеке қабылдау барысында әрбір өтініш мұқият қаралып, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, Абай, Ақтөбе және Ұшқын ауылдық округтерінен келген азаматтардың тұрғын үй және инфрақұрылымға қатысты өтініштері бойынша ауыл әкімдеріне және ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алмас Абдуллаевқа заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдау тапсырылды.
Әсіресе Ақтөбе ауылдық округінің Қияжол елді мекенінде ауыз су мәселесін шешу және Ескіқорған елді мекеніндегі Нұрлы көшесіне шағал төсеу жұмыстары күн тәртібіне қойылды. Сондай-ақ, Ұшқын ауылдық округінен түскен үй мәселесі бойынша да жауапты органдарға тиісті міндеттер жүктелді.
Әрбір өтініш иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жазбаша жауап жолданатын болады. Ал көтерілген мәселелердің орындалу барысы қаралып, аудан әкімінің аппаратына ресми түрде хабарланбақ.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі