КЕЛЕС КІТАПХАНАСЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ» КӨРМЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

КЕЛЕС КІТАПХАНАСЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ» КӨРМЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Келес аудандық орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кітапханашылар көрмеге қойылған еңбектерге библиографиялық шолу жасап, оқырмандарға кеңінен таныстырды.
Көрмеге Қазақстан Конституциясының қабылдану тарихы, құқықтық негіздері мен конституциялық реформаларға арналған еңбектер, мемлекетіміздің даму жолындағы Ата Заңның маңызын айқындайтын ғылыми зерттеулер мен мақалалар ұсынылды.
Сонымен қатар «Тәуелсіздік белестері» атты фото-иллюстрациялық көрме де көпшілік назарына ұсынылып, тәуелсіз еліміздің даму кезеңдері бейнелі түрде көрсетілді.
Конституция – Қазақстан халқының бірлігін айқындайтын, мемлекеттігіміздің іргетасы. Бұл көрме әрбір оқырманға елдің құқықтық, демократиялық даму жолын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.