КЕЛЕС: КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

КЕЛЕС: КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына Алтынбаев Өмірсерік Алибайұлы тағайындалды.
Жаңа бөлім басшысын ұжымға Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахманов ресми түрде таныстырды. Ол өз сөзінде жаңа басшының кәсіби тәжірибесіне тоқталып, ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы салаларын дамытуда тың бастамалар көтеріп, нәтижелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.
Өмірсерік Алтынбаев 1987 жылы Келес ауданында дүниеге келген. 2019 жылы Шымкент қаласындағы Silkway Халықаралық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, ал 2025 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Биотехнология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы «ПрофиПГС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде атқарушы директор қызметінен бастаған. Әрі қарай 2022 жылы Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – іс басқарушысы қызметін атқарып, кейінгі жылдары Келес ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман болды.
Тағайындалғанға дейін аталмыш бөлімнің ауыл шаруашылығы секторының бас маманы қызметін атқарған.
Жаңа қызметіне кіріскен Өмірсерік Алибайұлы алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.