КЕЛЕС: ДЕПУТАТ 60 БАЛАҒА ОҚУ ҚҰРАЛЫН СЫЙЛАДЫ

КЕЛЕС: ДЕПУТАТ 60 БАЛАҒА ОҚУ ҚҰРАЛЫН СЫЙЛАДЫ
Түркістан облысы мәслихатының депутаты Бахыт Басымбек жаңа оқу жылы қарсаңында Келес ауданындағы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына демеушілік жасап, мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірді.
— Бала - біздің болашағымыз. Олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ парызымыз. Бүгінгі қолдау – балалардың қуанышы мен ата-аналардың жүрегіндегі үмітін арттыра түссе, біздің мақсатымыздың орындалғаны, — деді депутат Бахыт Басымбек өз сөзінде.
Игі шара аясында 60 балаға мектеп сөмкелері мен оқулықтар алынып берілді. Шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев пен «Amanat» партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Ахметов қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.