КЕЛЕС АУДАНЫНДА 22 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 22 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев аудан аумағындағы тұрғын үй құрылыстарының барысымен танысты. Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Келес ауданының орталығы Абай ауылында 2 қабатты 22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Қазіргі уақытта нысанда 120-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Жыл соңына дейін 16 пәтерлі 2 үйді пайдалануға беру жоспарланса, қалған үйлердің құрылысы келесі жылға өтпек.
Сапалы әрі мерзімінде аяқтау – басты мақсат. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары мердігер мекемелер мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың орындалу қарқынын бақылауда ұстайтынын атап өтті.