КЕЛЕС: ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС: ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиевтің төрағалығымен электр энергиясын тиімді пайдалану және тапшылықтың алдын алу мәселелері бойынша жедел штаб отырысы өтті. Отырысқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен мүдделі мекемелер қатысты.
Жиын барысында «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның техникалық себептерге байланысты 7 тамыздан бастап электр энергиясын өндіруді уақытша тоқтатуы жөнінде хабарлама қаралды. Бұл жағдайға байланысты кешкі 19:00-ден 24:00-ге дейін көше жарығын және қоғамдық орындардағы шамдарды уақытша сөндіру, тұрмыстық техникаларды қорғау үшін кернеу тұрақтандырғыштарын пайдалану қажеттілігі айтылды.
Сондай-ақ, электр жабдықтарын сататын кәсіпкерлермен кездесіп, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және атқарылған іс-шаралар бойынша апта сайын мониторинг жүргізу тапсырылды. Мақсат Тұрдиев отырыс қорытындысында барлық жауапты мекемелердің үйлесімді жұмыс істеуін, ақпараттың халыққа дер кезінде жеткізілуін және энергия үнемдеу шараларының қатаң бақылануын қамтамасыз етуді жүктеді.