КЕЛЕСТЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛДАНЫП, ЖАҢА МАҚСАТТАР БЕЛГІЛЕНДІ

КЕЛЕСТЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛДАНЫП, ЖАҢА МАҚСАТТАР БЕЛГІЛЕНДІ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, алдағы міндеттер нақтыланды.
Жиын барысында ауданның негізгі салалары бойынша атқарылған жұмыстар тыңдалып, жоспарланған жобалар мен индикаторлардың орындалу барысы талқыланды. Әлеуметтік сала бойынша атаулы көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту және қолдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілген. Екінші жартыжылдықта бұл бағыттағы жұмыстар жаңа жобалармен жалғасады.
Инфрақұрылым және санитарлық тазалық бағытында да ауқымды шаралар қолға алынған. Қошқарата ауылдық округінде әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жол жөндеу және көше жарықтандыру жұмыстары қарқын алған.
Экономикалық көрсеткіштерде өсім байқалғанымен, туризм мен әлеуметтік салаларда бірқатар индикаторлардың орындалу қаупі бар екені айтылды. Бұл мәселелерді шешуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспары ұсынылды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көрсеткіштердің толық әрі сапалы орындалуын, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатуды және жаңа жобалар әзірлеуді міндеттеді.