КЕЛЕС ӨҢІРІНЕН СЕМЕЙ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ 37 ТОННА ТАБИҒИ ӨНІМ ЖОЛ ТАРТТЫ

КЕЛЕС ӨҢІРІНЕН СЕМЕЙ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ 37 ТОННА ТАБИҒИ ӨНІМ ЖОЛ ТАРТТЫ
Түркістан облысынан Абай облысына жол тартқан ауыл шаруашылығы керуеніне Келес ауданы да өз үлесін қосты. Жалпы көлемі 37 тоннадан астам өнім Келес өңірінен жөнелтілді. Бұл тауарлар – аудан диқандары мен өндірушілерінің маңдай терімен келген табиғи әрі сапалы азық-түліктер.
Керуен құрамында Келес ауданынан көкөніс, бақша өнімдері, сүт және сүт өнімдері, табиғи бал мен сусындар бар. Бұл өнімдер 2-3 тамыз күндері Семей қаласында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне ұсынылып, жергілікті тұрғындар мен қонақтарға нарықтағы бағадан төмен бағада сатылатын болады.
Аталған іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған және Түркістан мен Абай облыстары арасындағы өзара ынтымақтастық аясында ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, Семей қаласында өтетін жәрмеңке аясында “Түркістан облысының мәдени күндері” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.