КЕЛЕС: ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

КЕЛЕС: ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудандағы коммерциялық нысандарда заңсыз құрылыс жұмыстарын анықтау және олардың алдын алу мақсатында жоспарлы мониторинг жүргізілді.
Атап айтқанда, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің аумағындағы Қазақстан, 28-гвардия, Дихан, Ынтымақ және Жаңадәуір елді мекендерінде орналасқан бірқатар коммерциялық нысандар тексерілді.
Мониторинг барысында нысандардың құрылыс жұмыстарының қолданыстағы заңнамаға, құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкестігі, сондай-ақ рұқсат құжаттарының толықтығы қаралды.
Тексеру нәтижесінде құжаттары толық емес немесе заңбұзушылық белгілері байқалған кәсіпкерлік нысандарға ескерту беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл шаралар Келес ауданы аумағында заңсыз құрылысқа жол бермеу, құқықбұзушылықтардың алдын алу және ретсіз құрылыс салдарын болдырмау мақсатында қолға алынды.