2025 жылғы 23-24 шілде аралығында “Жер-2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Жаттығудың тақырыбы – “Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға дайындау”.

23 шілде күні сағат 10:00-де құлақтандыру (сирена) жүйесі іске қосылады. Бұл – тексеру мақсатында жүргізілетін жоспарлы шара.
Оқу-жаттығуға қатысады:
• басқару органдары мен азаматтық қорғау қызметтері;
• авариялық-құтқару бөлімшелері;
• медициналық, коммуналдық, көлік және басқа да жедел қызметтер.
Негізгі мақсаттар:
• барлық деңгейдегі атқарушы органдардың өзара іс-қимылын пысықтау;
• құтқару жұмыстарын тәжірибе жүзінде орындау;
• мобильді госпитальдар мен эвакуациялық пункттерді орналастыру;
• халықты құлақтандыру, эвакуация және жедел көмек көрсету жүйелерінің дайындығын тексеру.

Құрметті тұрғындар! Бұл – оқу-жаттығу, сондықтан үрейге бой алдырмай, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.