КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС СОТ ШЕШІМІМЕН БҰЗЫЛДЫ

КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС СОТ ШЕШІМІМЕН БҰЗЫЛДЫ
Келес ауданында заң талаптарын сақтамай салынған құрылыс нысаны сот шешімі негізінде бұзылды. Атап айтқанда, Бірлік ауылдық округіне қарасты Жаңатіршілік елді мекенінде рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылған автокөлік жуу орны иесінің өз еркімен бұзылды.
Бұл шара — аудан аумағында заңдылықты қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қолға алынған жұмыстардың бір бөлігі. Алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу бағытындағы бақылау жұмыстары жалғасын табады.
— Егер өз аумағыңызда құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарласаңыз, алдын ала жергілікті әкімдікке немесе аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарласыңыз. Бұл тек Сіздің мүддеңіз үшін емес, жалпы қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты сақтау үшін аса маңызды, - дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрмаханбет Нархозиев.
Айт кетейік, құрылыс жүргізудің негізгі талаптарына сәйкес, жер учаскесінің құқықтық мәртебесі нақты болуы қажет, сондай-ақ құрылыс қала құрылысы құжаттамасына сай келуі тиіс, құрылыс бастамас бұрын рұқсат алу міндетті — бұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада көрсетілген. Жобалар тиісті мемлекеттік органдармен келісімге келуі тиіс.
Ескеретіні заңсыз құрылыс үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер нысан сот шешімімен заңсыз деп танылса, оны мәжбүрлеп бұзу шаралары қолданылады.